Үш бүгілісі бар блистер

Тауарды қорғау

Блистерлер өнімді тасымалдау және сақтау кезінде механикалық зақымданудан қорғайды, араласып кетуіне жол бермейді.

Тартымдылық

Тауарды бояуы қанық, тартымды полиграфиямен үйлестіре қаптауға әрі оны жан-жағынан көрсетуге мүмкіндік береді.

Брендтеу

Блистерлерге тартымды жеке дизайн беріп, Сіздің компанияңыздың логотиптерін қалыптап түсіруге болады.

Оңай өлшеп орау

Жиектері бүгілген блистерге тауарды өлшеп орау үшін арнайы жабдық қажет емес. Тауарды шығарып көрсетіп, кейін орнына қайта салып қоюға болады.

Loading file

Сипаттама

Жиектері бүгілген блистер түріндегі пластик қаптама мөлдір блистерден және баспа түсірілген картоннан тұрады. Баспа түсірілген картон карточка блистердің бүгілген жиектеріне сырғытып кіргізіледі де, артқы қабырғаны құрайды.

Мұндай блистерден тауарды шығарып, сатып алушыға көрсетуге, содан кейін картонды орнына қайта сырғытып салуға болады. Егер қаптама ішіндегі тауарға қолжетімділікті шектеу қажет болса, картонды жапсырма, қыстырғыш және т.б. арқылы бекіту керек. Блистерлік қаптаманың бұл түрін «пенал» типті блистер деп те атайды.

Жиектері бүгілген мөлдір блистер

Жиектері бүгілген блистерді тауардың артықшылықтары мен сыртқы түрін айшықтау үшін оның пішініне сай етіп те, тікбұрышты ыдыс түрінде де қалыптауға болады.

Толық оқу

Тікбұрышты блистерді әртүрлі тауарларға арналған әмбебап қаптама ретінде пайдалануға болады. Блистердегі бүгілістер қалыптаудан кейін жасалады, бұл құнын біршама қымбаттатады. Екі бүгілісі бар блистерді толық автоматты желіде дайындауға болады.

Баспасы бар картон карточка

Бүгілісті блистерлік қаптаманың артқы қабырғасы ретінде міндеттеріңізге барынша сай келетін кез келген картонды пайдалануға болады. Сирек жағдайда, картон тым қалың болып шықса, бүгілістердің қалыңдығын ұлғайту қажет. Мұны алдын ала ескеру керек.

Тауарды өлшеп орау және қаптау

Қаптаманың бұл түрі тауарды өз бетіңізше өлшеп орауға ыңғайлы әрі қарапайым. Арнайы жабдық қажет емес, бұл сайып келгенде қаптаманың құнын төмендетеді. Тауар ассортиментіңіз үлкен болса, тек тауар туралы ақпараты бар картон карточканы ауыстырып отырып, әмбебап блистерді немесе әртүрлі өлшемдегі әмбебап блистерлер жиынтығын пайдаланған тиімді.