Фольгамен дәнекерлеп жабуға арналған блистер
Тауарды қорғау және стерильділік
Дәнекерлеп жабылған блистерлер бұйымды тасымалдау және сақтау кезінде механикалық зақымданудан қорғайды, стерильділігін сақтайды
Радиациялық стерильдеу
Фольгамен дәнекерлеп жапқаннан кейін бұйым салынған блистерлерді радиациялық әдіспен стерильдеуге болады.
Тартымдылық
Бұйымды полиграфиямен үйлестіре қаптауға әрі оны жан-жағынан көрсетуге көмектеседі.
Брендтеу
Жеке дизайны бар дәнекерлеп жабуға арналған блистер өніміңізді жалған көшірмелерден қорғауға әрі оның танымалдығын арттыруға көмектеседі.
Сипаттама
Фольгамен дәнекерлеп жабуға арналған блистерлік қаптама тауар пішіні бойынша қалыпталған, дәнекерлеу жиегі бар мөлдір блистерден және оны дәнекерлеп жабатын фольга карточкадан тұрады.
Жиегі бар мөлдір блистер
ПЭТ немесе ПВХ пленкасынан жасалған мөлдір қаптаманы бұйымның пішінін толық қайталайтындай етіп қалыптауға болады — бұл оның тартымдылығын айқындай түседі. Бұйым пішінін қайталау мүмкін болмаса, блистерді тікбұрышты ыдыс түрінде қалыптауға болады. Сонда оған әртүрлі бұйымдарды да, үйіп салынатын бұйымдарды да қаптауға болады.
Баспасы бар фольга
Блистерді фольгамен дәнекерлеп жабу үшін блистерлік лак жағылған материалдар қажет. Бұл лак жоғары қысым мен температураның әсерінен фольга мен блистерді берік желімдейді.
Фольгаға бір-екі немесе одан да көп түспен баспа түсіруге болады.
Фольганың кез келген маркасы дәнекерлеп жабуға жарай бермейді. Блистерлік лак жағу процесі тәжірибелі технологтың бақылауымен жүргізілуге тиіс.
Блистерді фольгамен дәнекерлеп жабу.
Біз Сіз үшін дәнекерлеп жабуға арналған блистерді әзірлеп, қалыптай аламыз. Блистерлік лак жағылған фольга өндіре аламыз. Бұйымдарыңыз стерильділікті талап етпесе, өніміңізді кез келген көлемде әрі қысқа мерзімде өз өндірісімізде дәнекерлеп жабуды мойнымызға аламыз. Қажет болса, дәнекерлеу үшін блистерлік лак жағылған Сіздің фольгаңызды пайдалана аламыз. Бұйымдарды жинау, жиынтықтау, затбелгі жапсыру және тауарды дүкендер мен маркетплейстерге жөнелтуге толық дайындауға қажетті басқа да жұмыстарды орындаймыз.
Сондай-ақ Сіз үшін дәнекерлеу станоктарын және оларға арналған жабдықты (оснастканы) дайындай аламыз. Ішіне Сіздің тауарыңыз салынған блистеріңізді фольгаңызға дәнекерлеп жабу процесін өз өндірісімізде жолға қоямыз. Қызметкерлеріңізді оқытып, дәнекерлеуді өз өндірісіңізде жүргізуіңіз үшін дәнекерлеп жабу жабдықтарының кешенін Сізге тапсырамыз. Бұл нұсқа тауарды тапсырыстардың түсуіне қарай қаптап, қойма орнын үнемдегіңіз немесе қаптау шығындарын азайтқыңыз келсе, ыңғайлы. Сонымен қатар бұл нұсқа стерильділік пен таза бөлмеде дәнекерлеп жабу талап етілген жағдайда да қолайлы.
Блистер-бокс
Қос блистер
Екі жағы да дөңес блистер
Екі жақты блистер
ЖЖТ дәнекерлеуге арналған блистер
Дәнекерлеуге арналған блистер
Картонға дәнекерлеуге арналған блистер
Екі картон арасына дәнекерленетін блистер
Импульстік дәнекерлеуге арналған блистер
Сандықша блистер
Жиектері бүгілген блистер
Екі бүгілісі бар блистер
Үш бүгілісі бар блистер
Tyvek® материалымен дәнекерлеп жабуға арналған блистер
Фольгамен дәнекерлеп жабуға арналған блистер
