Екі жақты блистер
Тауарды қорғау
Блистерлер өнімді тасымалдау және сақтау кезінде механикалық зақымданудан қорғайды, араласып кетуіне жол бермейді.
Тартымдылық
Тауарды бояуы қанық, тартымды полиграфиямен үйлестіре қаптауға әрі оны жан-жағынан көрсетуге мүмкіндік береді.
Брендтеу
Блистерлерге тартымды жеке дизайн беріп, Сіздің компанияңыздың логотиптерін қалыптап түсіруге болады.
Оңай өлшеп орау
Екі жақты блистерге тауарды қолмен өлшеп орауға болады — ол қалыпталған құлыптар арқылы сырт етіп жабылады, сондай-ақ оны ЖЖТ немесе ультрадыбыстық дәнекерлеумен бекітуге де болады.
Сипаттама
Блистердің бұл түрі екі бөлек жартыдан жасалады. Көбінесе контурлық құлыптар қолданылады, соның арқасында блистер герметикалық дерлік болады. Әдетте блистерде оны ілгекке іліп қоюға мүмкіндік беретін еуроілгіш (еуросаңылау) болады.
Бүгілісі бар мөлдір блистер
Екі жақты блистерлік қаптама тауарға арналған ойықтары бар екі жарты түрінде қалыпталады. Тауарға арналған ойықтар әдетте блистердің бір жартысында ғана болады.
Бұл блистердің бүкіл жазықтығын полиграфиялық ішпарақтағы ақпаратқа пайдалануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ дөңес бөліктерді екінші жартысында да қалыптауға болады. Кейін өнімді блистерлерге өлшеп орау кезінде қиындық тумауы үшін бүгілістің тереңдігі мен енін дұрыс жобалау маңызды.
Блистер жақсырақ бекітілуі үшін оның жоғарғы бөлігіне түймелі құлыптар да қосуға болады. Қалыпталған құлыптар тауарды сатып алушыға көрсету үшін блистерді бірнеше рет ашып-жабуға мүмкіндік береді.
Баспасы бар қағаз ішпарақ
Полиграфиялық ішпарақ екі жағынан да қалың пленка қабатымен қорғалғандықтан, қымбат картонның орнына жылтыр қағазды пайдалануға болады.
Бұйымға арналған дөңес бөліктер екі жағында да болса, қағаз ішпарақта қосымша саңылау ойып кесу қажет болуы мүмкін.
Тауарды өлшеп орау және қаптау
Қаптаманың бұл түрі тауарды өз бетіңізше өлшеп орауға ыңғайлы әрі қарапайым. Арнайы жабдық қажет емес, бұл түптеп келгенде қаптау құнын төмендетеді.
Қажет болса, қалыпталған құлыптарды екі жартыны біріктіріп ұстап тұратын әрі пломба қызметін атқаратын жапсырмалармен күшейтуге болады. Немесе жартыларды бір-біріне нүктелік дәнекерлеуге арналған қол аспабын пайдалануға болады.
Блистер-бокс
Қос блистер
Екі жағы да дөңес блистер
Екі жақты блистер
ЖЖТ дәнекерлеуге арналған блистер
Дәнекерлеуге арналған блистер
Картонға дәнекерлеуге арналған блистер
Екі картон арасына дәнекерленетін блистер
Импульстік дәнекерлеуге арналған блистер
Сандықша блистер
Жиектері бүгілген блистер
Екі бүгілісі бар блистер
Үш бүгілісі бар блистер
Tyvek® материалымен дәнекерлеп жабуға арналған блистер
Фольгамен дәнекерлеп жабуға арналған блистер
