Тұрмыстық тауарларға арналған блистер
Блистер тауарды қорғайды
Блистерге қапталған тұрмыстық тауарлар қоймада сақтау және дүкенге жеткізу кезінде сенімді қорғалады
Блистер сатып алушыны қорғайды
Кейбір тауарлар қаптамасыз болса, ұқыпсыз қолданған кезде сатып алушыға зиян келтіруі мүмкін. Блистерді пайдалансаңыз, сатып алушылармен орынсыз даудан аулақ боласыз
Блистер тауардың құндылығын арттырады
Көптеген сатып алушылар қаптаманы ашқаннан кейін де блистерді тауарды сақтау үшін пайдаланады
Үнемді әрі тартымды қаптама
Блистерлік қаптама қымбат емес – көп шығынсыз тауарды сенімді қаптайсыз, ал блистердегі тауар көбінесе қымбатырақ көрінеді
Сипаттама
Тұрмыстық тауарлардың блистерлік қаптамасы – өнімді көрсетудің ең тиімді тәсілі. Блистерлер алуан түрлі түсте, пішінде және өлшемде шығарылады. Қаптамаға – блистердің өзіне немесе картон карточкаға – фирмалық логотип түсіруге болады, соның арқасында брендтің танымалдығы мен сатып алушылардың бейілділігі артады.
Блистерлік қаптама сатып алушыға өнімді жақсылап қарап, сатып алу туралы оң шешім қабылдауға көмектеседі. Берік әрі герметикалық қаптама тауарды механикалық зақымдан, ылғал мен шаңнан қорғайды. Көптеген сатып алушылар қаптаманы ашқаннан кейін де блистерді тауарды сақтау үшін пайдаланады.
Тұрмыстық тауарларға арналған блистерлік қаптама түрлері
Жиектері бүгілген блистер-пенал түрлі тұрмыстық қажеттілікке, сондай-ақ тамақ әзірлеуге қолданылатын тауарларға жақсы сәйкес келеді. Басты артықшылығы – бұйымды қаптаманы зақымдамай бірнеше рет шығарып алуға болады. Картон карточкаға көбінесе жарнама мен тауар туралы ақпарат орналастырылады.
Бекіткіштері бар сандықша блистер әр үйге қажет түрлі ұсақ тауарларға қолданылады. Блистерді ашып-жабуға болады, бұл ретте қаптама тауарлық түрін жоғалтпайды. Тауар өндіруші қоймада артық тауар қорын жинамай, өнімді қажетіне қарай өзі қаптай алады.
Дәнекерлеп жабуға арналған блистер шағын көлемді үй мүкәммалын қаптау үшін кеңінен қолданылады. Бұл – кір қыстырғыштар, жіптер, желім, май шамдар, есік пен терезеге арналған тығыздағыштар және басқа да тұрмыстық ұсақ-түйектер. Блистер жарқын безендірілген картон карточкаға дәнекерленіп, бұйымыңыздың артықшылықтарын айқындай түседі.
Біздің компания – «Блистер-упаковка» ЖШҚ – тұрмыстық тауарларға арналған түрлі пішіндегі және өлшемдегі блистерлер шығарады. Түрі мен мақсаты әртүрлі өнімге арналған блистерлердің мол таңдауын ұсынамыз. Бірегей мөлдір қаптама тауарыңыздың артықшылықтарын ұтымды көрсетеді!
Косметикаға арналған блистерлік қаптама
Кеңсе тауарларына арналған блистерлік қаптама
Электроникаға арналған блистерлік қаптама
Аксессуарларға арналған блистерлік қаптама
Флешкаларға арналған блистерлік қаптама
Дәріханаларға арналған блистерлік қаптама
Спорт тауарларына арналған блистер
Өсімдіктерге арналған блистерлік қаптама
Құлаққапқа арналған блистерлік қаптама
Тұрмыстық тауарларға арналған блистер
Медициналық блистер 