ЖЖТ дәнекерлеуге арналған блистер
Тауарды қорғау
Блистерлер өнімді тасымалдау және сақтау кезінде механикалық зақымданудан қорғайды, араласып кетуіне жол бермейді.
Тартымдылық
Тауарды бояуы қанық, тартымды полиграфиямен үйлестіре қаптауға әрі оны жан-жағынан көрсетуге мүмкіндік береді.
Брендтеу
Блистерлерге тартымды жеке дизайн беріп, Сіздің компанияңыздың логотиптерін қалыптап түсіруге болады.
Оңай өлшеп орау және герметикалылық
ЖЖТ дәнекерлеуге арналған блистерді бүкіл периметрі бойынша дәнекерлеуге болады, сонда қаптама герметикалық болады.
Сипаттама
Блистердің бұл түрі екі жартыдан тұрады немесе бүгіліс бойымен кітап сияқты жабылады. Көбінесе контурлық құлыптар қолданылады, соның арқасында блистер герметикалық дерлік болады. Әдетте блистерді ілгекке іліп қою үшін онда еуроілгіш (еуросаңылау) жасалады. Тауар блистерге өлшеп оралғаннан кейін блистердің жартылары қосымша дәнекерленеді.
Екі жартыдан тұратын мөлдір блистер
ЖЖТ дәнекерлеуге арналған блистерлік қаптама тауарға арналған ойықтары бар екі жарты түрінде қалыпталады. Тауарға арналған ойықтар әдетте блистердің бір жартысында ғана болады.
Бұл блистердің бүкіл жазықтығын полиграфиялық қыстырмадағы ақпаратқа пайдалануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ дөңес бөліктерді екінші жартысында да қалыптауға болады. Кейін өнімді блистерлерге өлшеп орау кезінде қиындық тумауы үшін бүгілістің тереңдігі мен енін дұрыс жобалау маңызды.
Блистер мықтырақ бекітілуі үшін оның жоғарғы бөлігіне түймелі құлыптар да қосуға болады. Қалыпталған құлыптардың арқасында тауарды сатып алушыға көрсету үшін блистерді бірнеше рет ашып-жабуға болады.
Баспасы бар қағаз қыстырма
Полиграфиялық қыстырма екі жағынан да қалың пленка қабатымен қорғалғандықтан, қымбат картонның орнына жылтыр қағазды пайдалануға болады.
Бұйымға арналған дөңес бөліктер екі жағында да болса, қағаз қыстырмада қосымша саңылау ойып кесу қажет болуы мүмкін.
Тауарды өлшеп орау және қаптау
Қаптаманың бұл түріне тауарды өз бетіңізше өлшеп орау үшін арнайы құрал-жабдық қажет. Сондай-ақ блистерді дәнекерлеуге арналған арнайы жабдық (оснастка) керек болады.
Блистер-бокс
Қос блистер
Екі жағы да дөңес блистер
Екі жақты блистер
ЖЖТ дәнекерлеуге арналған блистер
Дәнекерлеуге арналған блистер
Картонға дәнекерлеуге арналған блистер
Екі картон арасына дәнекерленетін блистер
Импульстік дәнекерлеуге арналған блистер
Сандықша блистер
Жиектері бүгілген блистер
Екі бүгілісі бар блистер
Үш бүгілісі бар блистер
Tyvek® материалымен дәнекерлеп жабуға арналған блистер
Фольгамен дәнекерлеп жабуға арналған блистер
