Қос блистер

Тауарды қорғау

Блистерлер өнімді тасымалдау және сақтау кезінде механикалық зақымданудан қорғайды, араласып кетуіне жол бермейді.

Тартымдылық

Тауарды бояуы қанық, тартымды полиграфиямен үйлестіре қаптауға әрі оны жан-жағынан көрсетуге мүмкіндік береді.

Брендтеу

Блистерлерге тартымды жеке дизайн беріп, Сіздің компанияңыздың логотиптерін қалыптап түсіруге болады.

Оңай өлшеп орау

Қос блистерге тауарды қолмен өлшеп орауға болады — ол қалыпталған құлыптарға сырт етіп жабылады, сондай-ақ оны ЖЖТ дәнекерлеу немесе ультрадыбыстық дәнекерлеу арқылы бекітіп жабуға да болады.

Loading file

Сипаттама

Блистердің бұл түрі бірінің ішіне бірі кіретін екі жартыдан тұрады. Көбінесе контурлық құлыптар қолданылады, соның арқасында блистер герметикалық дерлік болады. Әдетте блистерде оны ілгекке іліп қоюға арналған еуроілгіш (еуросаңылау) болады.

Мөлдір қос блистер

Қос блистерлік қаптама тауарға арналған ойықтары бар екі жарты түрінде қалыпталады. Тауарға арналған ойықтар әдетте блистердің бір жартысында ғана болады.

Бұл блистердің бүкіл жазықтығын полиграфиялық ендірмедегі ақпаратқа пайдалануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ дөңес бөліктерді екінші жартысында да қалыптауға болады. Кейін өнімді блистерлерге өлшеп орау кезінде қиындық тумауы үшін бүгілістің тереңдігі мен енін дұрыс жобалау маңызды.

Толық оқу

Жақсырақ бекіту үшін блистердің жоғарғы бөлігіне түймелі құлыптар да қосуға болады. Қалыпталған құлыптар тауарды сатып алушыға көрсету үшін блистерді бірнеше рет ашып-жабуға мүмкіндік береді.

Баспасы бар қағаз ендірме

Полиграфиялық ендірме екі жағынан да қалың пленка қабатымен қорғалғандықтан, қымбат картонның орнына жылтыр қағазды пайдалануға болады.

Егер бұйымға арналған дөңес бөліктер екі жағында да болса, қағаз ендірмеде қосымша саңылау ойып кесу қажет болуы мүмкін.

Тауарды өлшеп орау және қаптау

Қаптаманың бұл түрі тауарды өз бетіңізше өлшеп орауға ыңғайлы әрі қарапайым. Арнайы жабдық қажет емес, бұл түптеп келгенде қаптаманың құнын төмендетеді.

Қажет болса, қалыпталған құлыптарды жартыларды біріктіріп ұстап тұратын әрі пломба рөлін атқаратын жапсырмалармен күшейтуге болады. Немесе жартыларды бір-біріне нүктелік дәнекерлеуге арналған қол аспабын пайдалануға болады.