Жиектері бүгілген блистер
Тауарды қорғау
Блистерлер өнімді тасымалдау және сақтау кезінде механикалық зақымданудан қорғайды, араласып кетуіне жол бермейді.
Тартымдылық
Тауарды бояуы қанық, тартымды полиграфиямен үйлестіре қаптауға әрі оны жан-жағынан көрсетуге мүмкіндік береді.
Брендтеу
Блистерлерге тартымды жеке дизайн беріп, Сіздің компанияңыздың логотиптерін қалыптап түсіруге болады.
Оңай өлшеп орау
Жиектері бүгілген блистерге тауарды өлшеп орау үшін арнайы жабдық қажет емес. Тауарды шығарып көрсетіп, кейін орнына қайта салып қоюға болады.
Сипаттама
Жиектері бүгілген блистер түріндегі пластик қаптама мөлдір блистерден және баспасы бар картоннан тұрады. Баспасы бар картон карточка блистердің бүгілген жиектеріне сырғытып салынады да, артқы қабырға қызметін атқарады. Блистер екі бүгілісті де, үш бүгілісті де болуы мүмкін.
Мұндай блистер тауарды шығарып, сатып алушыға көрсетуге, содан кейін картонды орнына қайта сырғытып салуға мүмкіндік береді. Қаптама ішіндегі тауарға қол жеткізуді шектеу қажет болса, картонды жапсырмалармен, қыстырғыштармен және т.б. бекіту керек. Блистерлік қаптаманың бұл түрін «пенал» типті блистер деп те атайды.
Жиектері бүгілген мөлдір блистер
Жиектері бүгілген блистерді тауардың артықшылықтары мен сыртқы көрінісін айшықтау үшін оның пішініне сай етіп те, тікбұрышты сыйымдылық түрінде де қалыптауға болады.
Тікбұрышты блистерді әртүрлі тауарларға арналған әмбебап қаптама ретінде пайдалануға болады. Блистердегі бүгілістер қалыптаудан кейін жасалады, бұл құнын біршама қымбаттатады. Екі бүгілісі бар блистерді толық автоматты желіде дайындауға болады.
Баспасы бар картон карточка
Бүгілісті блистерлік қаптаманың артқы қабырғасы ретінде міндеттеріңізге барынша сай келетін кез келген картонды пайдалануға болады. Сирек жағдайда, картон тым қалың болып шықса, бүгілістердің қалыңдығын ұлғайту қажет. Мұны алдын ала ескеру керек.
Тауарды өлшеп орау және қаптау
Қаптаманың бұл түрі тауарды өз бетіңізше өлшеп орауға ыңғайлы әрі қарапайым. Арнайы жабдық қажет емес, бұл сайып келгенде қаптаманың құнын төмендетеді. Тауар ассортиментіңіз үлкен болса, тек тауар туралы ақпараты бар картон карточканы ауыстырып отырып, әмбебап блистерді немесе әртүрлі өлшемдегі әмбебап блистерлер жиынтығын пайдаланған тиімді.
Блистер-бокс
Қос блистер
Екі жағы да дөңес блистер
Екі жақты блистер
ЖЖТ дәнекерлеуге арналған блистер
Дәнекерлеуге арналған блистер
Картонға дәнекерлеуге арналған блистер
Екі картон арасына дәнекерленетін блистер
Импульстік дәнекерлеуге арналған блистер
Сандықша блистер
Жиектері бүгілген блистер
Екі бүгілісі бар блистер
Үш бүгілісі бар блистер
Tyvek® материалымен дәнекерлеп жабуға арналған блистер
Фольгамен дәнекерлеп жабуға арналған блистер
