Мөлдір қақпақты пішінді ұяшықты қаптама
Тауарды қорғау
Блистерлер өнімді тасымалдау және сақтау кезінде механикалық зақымданудан қорғайды, араласып кетуіне жол бермейді.
Тартымдылық
Тауарды бояуы қанық, тартымды полиграфиямен үйлестіре қаптауға әрі оны жан-жағынан көрсетуге мүмкіндік береді.
Сатылымның өсуі
Жеке дизайнмен жасалған жаңа қаптама стандартты қаптамамен салыстырғанда сатылымды 15%-ға дейін арттыруы мүмкін.
Брендтеу
Жеке дизайны мен логотипі бар блистер өніміңізді жалған көшірмелерден қорғауға және танымалдығын арттыруға көмектеседі.
Сипаттама
Мөлдір қақпағы бар пішінді ұяшықты қаптама — дәл бекітуді қажет ететін өнімді қорғауға және көрсетуге арналған ыңғайлы әрі сенімді шешім. Әр ұяшық бұйымның пішінін қайталайды, ал мөлдір қақпақ сыртқы әсерлерден қосымша қорғап, қаптамаға аяқталған көрініс береді.
Мұндай құрылым тасымалдау қауіпсіздігі де, сөредегі тартымды көрініс те маңызды өнімге өте қолайлы.
Мөлдір қақпақты пішінді ұяшықты қаптаманың артықшылықтары:
-
Бекіту және қорғау — бұйым жеке ұяшықта сенімді ұсталып тұрады, ал үстінен қақпақ оны шаңнан, ылғалдан және зақымданудан қорғайды;
-
Тартымды көрініс — мөлдір қақпақ ішіндегісін толық көрсетеді, бұл өнімді ашпай көрсету үшін әсіресе маңызды;
-
Тасымалдау ыңғайлылығы — діріл кезінде және аударылғанда қақпақ ішіндегі заттың түсіп қалуына жол бермейді;
-
Қаптаудың жеңілдігі — қақпақ қолмен оңай бекітіледі, қосымша фурнитураны қажет етпейді;
-
Жеке пішіндер — нақты бұйымның пішініне сай, дәл геометриямен дайындауға болады;
-
Экологиялылық — қайта өңдеуге жарамды қайталама ПЭТ-тен шығаруға болады.
Қолданылуы:
-
ампулалар, құтылар (флакондар), шприцтер және зертханалық бұйымдар
-
ұсақ жинақтаушы бөлшектер мен тетіктер
-
косметика және медициналық жиынтықтар
-
кәдесыйлар, сынамалар, көрсетілім үлгілері
Материалдар: мөлдір ПЭТ (қақпақ), ПЭТ немесе ПВХ (негіз).
Ең аз таралым: 5 000 данадан бастап, сызба немесе үлгі бойынша әзірлеу мүмкіндігі бар.
Мөлдір қақпақты пішінді қаптама — қорғаныш қасиеттері мен өнімнің әсерлі ұсынылуын ұштастыратын ыңғайлы әрі көркем шешім. Өлшеп орауға, логистикаға және бөлшек саудаға өте қолайлы.
Ампулалар мен құтыларға арналған пішінді ұяшықты қаптама
Мөлдір қақпақты пішінді ұяшықты қаптама
Шприцке арналған пішінді ұяшықты қаптама
Жиынтыққа арналған пішінді ұяшықты қаптама 