Tyvek® материалымен дәнекерлеп жабуға арналған блистер

Тауарды қорғау және стерильділік

Дәнекерлеп жабылған блистерлер бұйымды тасымалдау және сақтау кезінде механикалық зақымданудан қорғайды, стерильділікті сақтайды.

Газдық және радиациялық стерильдеу

Tyvek® материалымен дәнекерлеп жабылғаннан кейін бұйымдар салынған блистерлерді радиациялық тәсілмен ғана емес, газбен де стерильдеуге болады. Tyvek® стерильдеуге арналған газдарды қаптаманың ішіне өткізеді.

Тазалық

Tyvek® материалын блистерден ажыратқанда басқа материалдарды қолданғандағыға қарағанда микробөлшектер он есе аз түзіледі. Бұл операциялық бөлмеде қаптаманы ашқан кезде маңызды.

Брендтеу

Жеке дизайны бар дәнекерлеп жабуға арналған блистер өніміңізді жалған көшірмелерден қорғауға әрі оның танымалдығын арттыруға көмектеседі.

Loading file

Сипаттама

Tyvek® материалымен дәнекерлеп жабуға арналған блистерлік қаптама тауардың пішіні бойынша қалыпталған, дәнекерлеуге арналған жиегі бар мөлдір блистерден және дәнекерлеп жабуға арналған карточкадан тұрады.

Жиегі бар мөлдір блистер

ПЭТ немесе ПВХ пленкасынан жасалған мөлдір қаптаманы бұйымның пішінін толық қайталайтындай етіп қалыптауға болады, бұл оның тартымдылығын айқындай түседі. Бұйымның пішінін қайталау мүмкін болмаса, блистерді тікбұрышты ыдыс түрінде қалыптауға болады. Сонда оған әртүрлі бұйымдарды немесе бұйымдарды шашыранды күйде қаптауға болады.

Басылымы бар Tyvek карточкасы

Блистерді Tyvek материалымен дәнекерлеп жабу үшін блистерлік лак жағылған материал қажет. Бұл лак жоғары қысым мен температураның әсерінен карточка мен блистерді берік желімдейді.

Толық оқу

Tyvek® материалына бір, екі немесе одан да көп түспен түрлі түсті баспа басуға болады. Блистерлік лакты жағу тәжірибелі технологтың бақылауымен жүргізілуге тиіс; бұл материалдардың блистерлік лак алдын ала жағылған арнайы маркалары қажет.

Dupont Tyvek материалының басқа материалдардан айырмашылығы — ол стерильдеуге арналған газды дәнекерлеп жабылған қаптаманың ішіне өткізеді. Сонымен қатар материалдың өзі ұзын синтетикалық талшықтардың өрілуінен жасалған, сондықтан операциялық бөлме жағдайында Tyvek® материалын блистерден ажыратқанда микробөлшектер басқа материалдарды қолданғандағыдан ондаған есе аз түзіледі.

Блистерді Tyvek® материалымен дәнекерлеп жабу

Біз Сіз үшін дәнекерлеп жабуға арналған блистерді әзірлеп, қалыптап бере аламыз және блистерлік лак жағылған Tyvek® материалын өндіре аламыз. Егер бұйымдарыңызға стерильділік талап етілмесе, өніміңізді дәнекерлеп жабуды кез келген көлемде және қысқа мерзімде өз өндірісімізде орындауды мойнымызға ала аламыз. Бұйымдарды құрастыру, жиынтықтау, затбелгі жапсыру және тауарды дүкендер мен маркетплейстерге жөнелтуге толық дайындауға қажетті басқа да жұмыстарды орындаймыз.

Сондай-ақ біз Сіз үшін дәнекерлеу станоктары мен оларға арналған дәнекерлеу жабдығын (оснастка) жасап бере аламыз. Ішіне тауарыңыз салынған блистеріңізді дәнекерлеп жабуды өз өндірісімізде жолға қоя аламыз. Қызметкерлеріңізді оқытып, дәнекерлеуді өз өндірісіңізде жүргізуіңіз үшін дәнекерлеп жабуға арналған жабдықтар кешенін Сізге тапсыра аламыз. Тауарыңызды тапсырыстардың түсуіне қарай қаптап, қойма орнын үнемдегіңіз немесе қаптауға кететін шығындарды азайтқыңыз келсе, бұл нұсқа ыңғайлы. Сондай-ақ бұл нұсқа стерильділік пен таза бөлмеде дәнекерлеп жабу талап етілетін жағдайда да қолайлы.