Косметикаға арналған блистерлік қаптама
Тауарды қорғау
Блистерлік қаптама тауарды механикалық зақымданудан сенімді қорғайды
Тауар туралы "айтып береді"
Косметикаға арналған блистер әдетте мөлдір болады – тауар сатып алушыға "бар қырынан" көрінеді, ал қосымша ақпаратты картон карточкаға орналастыруға болады
Блистер тауардың құнын арттырады
Блистерлік қаптаманың жалпы тартымдылығы арқасында блистерге қапталған арзан косметикалық тауарлардың өзі қымбатырақ көрінеді
Сауда нүктесінде сөреге қоюға ыңғайлы
Тауардың сауда залында қалай орналастырылатынына қарай Сіз еуроілгіші бар блистер конструкциясын немесе сандықша блистерді таңдай аласыз
Сипаттама
Косметикаға арналған блистерлік қаптама – қалыңдығы әртүрлі қалыпталған пленкадан жасалған герметикалық футляр. Блистерге қапталған косметикалық құралдар анағұрлым тартымды көрініп, сатып алушылардың назарын аударады.
Блистердің басты артықшылығы – қаптаманың мөлдірлігі. Пластик қаптама тауарды бәсекелестер арасынан ұтымды ерекшелейді, оның артықшылықтарын айқындайды, сыртқы түрін сақтап, қорғайды, тауардың 100% көрінуін қамтамасыз етеді, тасымалдау мен сақтау кезінде көп орын алмайды. Блистер қымбат емес, сондықтан кез келген баға санатындағы тауарларды қаптауға жарайды.
Косметикаға арналған блистерлік қаптама түрлері
Картон карточкасы бар шағын көлемді қаптама – дәнекерлеуге арналған блистер – даналап сатылатын кремдерге, лосьондарға, ерін далабына, кірпік бояуына өте қолайлы. Косметикалық жиынтықтарды қаптау үшін көбінесе коррекс – қорапқа салынатын ұяшықты полимерлік ложемент қолданылады, ол премиум-класты тауарларды безендіруге де жарайды. Коррекстер (ложементтер) көбінесе ақтан металдандырылған алтын түске дейінгі әртүрлі түсті мөлдір емес пленкадан жасалады.
Құлыптары бар блистерлік қаптама қайта-қайта шығарып алу қажет косметика мен бижутерияға қолайлы. Маникюр және косметология құралдарына – қылқаламдарға, қайшыларға, қысқыштарға, егеуіштерге арналған жиектері бүгілген блистерлер үлкен сұранысқа ие.
Дәнекерлеп жабылған блистерлік қаптама жоғары герметикалығымен ерекшеленеді. Бұл ылғал мен шаңнан қорғауды қамтамасыз етеді. Мұндай блистер тауарды тамаша қорғап, оның тартымды түрін сақтайды.
Блистерге күрделілігі жоғары логотиптер түсіруге болады, бұл тауарды қолдан жасауға жол бермейді. Картон карточкаға көбінесе жарнама мен тауар туралы түсіндірмелер орналастырылады, бұл ілеспе нұсқаулықтарды басып шығаруға кететін едәуір қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді. Сандықша блистерлерді пайдаланғанда ақпаратты қаптаманың ішіне салынатын картон қосымша параққа да орналастыруға болады.
Мөлдір блистерде өнім жақсы көрініп, өз артықшылықтарын сатып алушыға айқын көрсетеді.
Біздің компания – «Блистер-упаковка» ЖШҚ – косметикалық құралдарды өлшеп орауға арналған дизайны, пішіні, өлшемі, түсі әртүрлі блистерлер, коррекстер, ложементтер өндіреді. Бізде түрі мен мақсаты әртүрлі косметикаға арналған блистерлердің таңдауы мол. Жоғары сапалы әрі бірегей қаптама тауарыңыздың эксклюзивтілігін айқындайды!
Косметикаға арналған блистерлік қаптама
Кеңсе тауарларына арналған блистерлік қаптама
Электроникаға арналған блистерлік қаптама
Аксессуарларға арналған блистерлік қаптама
Флешкаларға арналған блистерлік қаптама
Дәріханаларға арналған блистерлік қаптама
Спорт тауарларына арналған блистер
Өсімдіктерге арналған блистерлік қаптама
Құлаққапқа арналған блистерлік қаптама
Тұрмыстық тауарларға арналған блистер
Медициналық блистер 