Сандықша блистер
Тауарды қорғау
Блистерлер өнімді тасымалдау және сақтау кезінде механикалық зақымданудан қорғайды, араласып кетуіне жол бермейді.
Тартымдылық
Тауарды бояуы қанық, тартымды полиграфиямен үйлестіре қаптауға әрі оны жан-жағынан көрсетуге мүмкіндік береді.
Брендтеу
Блистерлерге тартымды жеке дизайн беріп, Сіздің компанияңыздың логотиптерін қалыптап түсіруге болады.
Оңай өлшеп орау
Сандықша блистерге өнімді қолмен өлшеп орауға болады – ол қалыпталған құлыптарымен сырт етіп жабылады, ал ЖЖТ дәнекерлеумен немесе ультрадыбыстық дәнекерлеумен жабуға да болады.
Сипаттама
Блистердің бұл түрі екі жақты блистерден астыңғы жағындағы жазық табанымен ерекшеленеді, сол табан блистерді орнықты етеді. Оны сөреге қоюға болады. Әдетте еуроілгіш саңылауы да ойылады, сондықтан қаптаманы ілуге де, қоюға да болады.
Екі бүгілісі бар мөлдір блистер
Сандықша типті блистерлік қаптама тауарға арналған ойықтары бар екі жарты және олардың арасындағы тұғыр түрінде қалыпталады, сонда блистер өздігінен тік тұра алады. Кейін өнімді блистерлерге өлшеп орау кезінде қиындық тумауы үшін бүгілістің тереңдігі мен енін дұрыс жобалау маңызды.
Блистер жабық күйінде бекітіліп тұруы үшін оның жоғарғы бөлігінде құлыптар қалыпталады. Қалыпталған құлыптар тауарды сатып алушыға көрсету үшін блистерді бірнеше рет ашып-жабуға мүмкіндік береді.
Баспасы бар қағаз ендірме
Қымбат картонның орнына жылтыр қағазды пайдалануға болады, өйткені полиграфиялық ендірме екі жағынан да қалың пленка қабатымен қорғалған.
Сандықша блистердің алдыңғы және артқы бөліктері әдетте симметриялы болады. Осылайша бұйымның бір жартысы алдыңғы бөліктің дөңесіне, екінші жартысы артқы бөліктің дөңесіне орналасады. Соның арқасында тауар едәуір салмақты болса да, блистер орнықты тұрады. Бірақ бұл үшін қағаз ендірменің ортасынан дөңес бөліктің пішініне сай саңылау ойып шығару қажет.
Тауарды өлшеп орау және қаптау
Қаптаманың бұл түрі тауарды өз бетіңізше өлшеп орауға ыңғайлы әрі қарапайым. Арнайы жабдық қажет емес, бұл түптеп келгенде қаптаманың құнын төмендетеді.
Қажет болса, қалыпталған құлыптарды жартыларды бірге ұстап тұратын әрі пломба рөлін атқаратын жапсырмалармен күшейтуге болады. Немесе жартыларды бір-біріне нүктелік дәнекерлеуге арналған қол аспабын пайдалануға болады.
Блистер-бокс
Қос блистер
Екі жағы да дөңес блистер
Екі жақты блистер
ЖЖТ дәнекерлеуге арналған блистер
Дәнекерлеуге арналған блистер
Картонға дәнекерлеуге арналған блистер
Екі картон арасына дәнекерленетін блистер
Импульстік дәнекерлеуге арналған блистер
Сандықша блистер
Жиектері бүгілген блистер
Екі бүгілісі бар блистер
Үш бүгілісі бар блистер
Tyvek® материалымен дәнекерлеп жабуға арналған блистер
Фольгамен дәнекерлеп жабуға арналған блистер
