Дәнекерлеуге арналған блистер

Тауарды қорғау

Блистерлер өнімді тасымалдау және сақтау кезінде механикалық зақымданудан қорғайды, араласып кетуіне жол бермейді.

Тартымдылық

Тауарды бояуы қанық, тартымды полиграфиямен үйлестіре қаптауға әрі оны жан-жағынан көрсетуге мүмкіндік береді.

Сатылымның өсуі

Жеке дизайнмен жасалған жаңа қаптама стандартты қаптамамен салыстырғанда сатылымды 15%-ға дейін арттыруы мүмкін.

Брендтеу

Жеке дизайны мен логотипі бар блистер өніміңізді жалған көшірмелерден қорғауға және танымалдығын арттыруға көмектеседі.

Loading file

Сипаттама

Картонға дәнекерлеуге арналған блистерлік қаптама тауардың пішініне сай қалыпталған, дәнекерлеу жиектері бар мөлдір блистерден және полиграфиялық картон карточкадан тұрады.

Жиектері бар мөлдір блистер

ПЭТ немесе ПВХ пленкасынан жасалған мөлдір қаптаманы бұйымның пішінін толық қайталайтындай етіп қалыптауға болады, бұл оның тартымдылығын айқындай түседі. Бұйымның пішінін қайталау мүмкін болмаса, блистерді тікбұрышты ыдыс түрінде қалыптауға болады. Сонда оған әртүрлі бұйымдарды немесе бұйымдарды үйіп салып қаптауға болады.

Баспасы бар картон карточка

Блистерді картонға дәнекерлеу үшін баспаханада блистерлік лак жағылған картон қажет. Бұл лак жоғары қысым мен температураның әсерінен картон мен блистерді берік желімдейді.

Толық оқу

Картонға толық түсті баспаны да, бір-екі түсті баспаны да түсіруге болады. Алайда қатты ағаш талшықтары көп, тек бір беті ғана борланған қаттырақ картонға 4+1 немесе 4+2 баспа түсіруге болады.

Картонның кез келген маркасы дәнекерлеуге жарай бермейді. Баспаханада блистерлік лакты жағу процесі тәжірибелі технологтың бақылауымен жүргізілуге тиіс. Дәнекерлеу сапасына тіпті картон өндірісінде қандай крахмал — жүгері не картоп крахмалы — қолданылғаны да әсер етеді. Бұл міндетті кез келген баспахана атқара алмайды.

Блистерді картонға дәнекерлеу — қаптау жұмыстарының толық циклі

Біз Сіз үшін дәнекерлеуге арналған блистерді әзірлеп, қалыптап бере аламыз. Блистерлік лак жағылған картон өндіреміз. Өніміңізді дәнекерлеуді кез келген көлемде және қысқа мерзімде өз өндірісімізде атқарамыз. Қажет болса, дәнекерлеуге Сіздің блистерлік лак жағылған картоныңызды пайдалана аламыз. Тауарды дүкендер мен маркетплейстерге жөнелтуге толық жинақтау үшін бұйымдарды құрастыру, жинақтау, затбелгі жапсыру және басқа да қажетті жұмыстарды орындаймыз.

Сондай-ақ Сіз үшін дәнекерлеу станоктарын және оларға арналған дәнекерлеу жабдығын дайындай аламыз. Ішіне тауарыңыз салынған блистеріңізді картоныңызға дәнекерлеуді өз өндірісімізде баптаймыз. Дәнекерлеуді өз өндірісіңізде немесе қоймаңызда өз бетіңізше жүргізе алуыңыз үшін қызметкерлеріңізді оқытып, дәнекерлеу жабдықтарының кешенін тапсырамыз. Бұл нұсқа қаптауға жұмсалатын шығынды азайтқыңыз, тауарыңызды тапсырыстардың түсуіне қарай қаптағыңыз және қойма орнын үнемдегіңіз келсе ыңғайлы.