Спорт тауарларына арналған блистер
Тауарды қорғау
Хоккей шайбаларына арналған блистерлік қаптама тауарды қоймада ғана емес, коллекцияда сақтағанда да қорғайды
Мөлдір қаптама
Хоккей шайбасы түріндегі кәдесыйды қаптаманы ашпай-ақ көруге болады
Қосымша ақпаратқа арналған карточка
Картон карточкаға клуб және ойындар кестесі туралы қосымша ақпаратты, билетті онлайн сатып алуға арналған промокодты орналастыруға болады
Тек ойын шайбасы ғана емес
Тағамдық блистерлерді қолданғанда қаптаманың ішіне жас жанкүйерлерді сөзсіз қуантатын шоколад шайба салуға болады
Сипаттама
Шайбаларға арналған блистерлік қаптама – тауарды безендірудің ең кең таралған тәсілі. Әдетте бұл – спорт тақырыбына сай әдемі безендірілген герметикалық пластик қаптама. Блистер – қаптаудың ең арзан әрі ерекше тәсілі.
Хоккей шайбасын көбіне ерекше сыйлық ретінде сатып алады. Мұндай кәдесый хоккей сүйер қауымға, жанкүйерлерге, хоккейші спортшыларға ұнайды. Әдемі қапталған шайба жарқын әсер қалдырып, жағымды көңіл күй сыйлайды.
Креативті дизайн мен тауардың сәнді безендірілуі сатылымның өсуіне және сатып алушыларды тартуға ықпал етеді. Блистер тауарды тасымалдау және сақтау кезінде зақымданудан қорғайды. Блистерлік қаптама тұтынушылардың көзіне тартымдырақ көрінеді.
Фирмалық түстермен жазу түсірілген, хоккей клубының рәміздері бар кәдесый шайба адал жанкүйерге тамаша сыйлық болып, ерекше кәдесыйлар коллекциясын бастауға себеп болады.
Шайбаларды неғұрлым көрнекті етіп қаптау үшін бекіткіштері бар сандықша блистер өте қолайлы. Блистерді ашып-жабуға болады, бұл ретте қаптама тауарлық түрін жоғалтпайды. Тауар өндіруші өнімді өзі қаптай алады.
Блистерлік қаптама арқылы кез келген дизайнерлік идеяны жүзеге асыруға болады. Ерекше блистерлік қаптамадағы хоккей шайбасы – хоккейді жақсы көретін, өз командасына жанкүйер болатын ер адамдарға тамаша сыйлық. Команда рәміздері бар жарқын дизайн бөлменің немесе кеңсенің интерьерін көркейтеді.
Біздің компания – «Блистер-упаковка» ЖШҚ – түрлі форматтағы шайбаларға арналған блистерлер шығарады. Түрі мен мақсаты әртүрлі өнімге арналған блистерлердің кең таңдауын ұсынамыз. Фирмалық қаптама тауарыңыздың артықшылықтарын айқындап, сатылымды арттырады!
Косметикаға арналған блистерлік қаптама
Кеңсе тауарларына арналған блистерлік қаптама
Электроникаға арналған блистерлік қаптама
Аксессуарларға арналған блистерлік қаптама
Флешкаларға арналған блистерлік қаптама
Дәріханаларға арналған блистерлік қаптама
Спорт тауарларына арналған блистер
Өсімдіктерге арналған блистерлік қаптама
Құлаққапқа арналған блистерлік қаптама
Тұрмыстық тауарларға арналған блистер
Медициналық блистер 