Блистерді импульстік дәнекерлеу станогы
Қаптаудың энергия үнемдейтін тәсілі — тек контур, тек сенімділік
Импульстік термопресс — блистерлерді картон карточкаға жоғары дәлдікпен әрі ең аз энергия жұмсап дәнекерлеуге арналған заманауи шешім. Қыздыру тек жабдық (оснастка) контуры бойымен жүреді, сондықтан процесс жылдам, үнемді әрі сезімтал материалдар үшін қауіпсіз болады.
⚙️ Импульстік технологияның артықшылықтары:
➤ Тек контур — артық қызусыз және деформациясыз
Жабдықтағы (оснасткадағы) металл контур ғана қызады, сондықтан картон не блистер шамадан тыс қызып кету қаупінсіз ұқыпты дәнекерленеді. Нәзік өнімге өте қолайлы.
➤ Энергия үнемдеу
Импульстік қыздыру тек дәнекерлеу сәтінде қосылады — станокты қыздыруға электр энергиясы үздіксіз жұмсалмайды.
➤ Жоғары қауіпсіздік пен жайлылық
Дәнекерлеу аймағынан тыс жерде ыстық беттер болмағандықтан, күйіп қалу қаупі азаяды, оператордың жұмысы да жайлырақ болады.
➤ Басқа форматқа жылдам қайта баптау
Жабдық (оснастка) ауыстырмалы — блистердің бір пішінінен екіншісіне санаулы минутта оңай ауысуға болады.
➤ Кешенді жеткізу мүмкіндігі
✔ Импульстік жабдығы (оснасткасы) бар станок
✔ Тапсырыспен жасалатын блистерлер
✔ Блистерлік лакпен қапталған картон
✔ Операторларды оқыту және техникалық қолдау