Екі бүгілісі бар блистер
Тауарды қорғау
Блистерлер өнімді тасымалдау және сақтау кезінде механикалық зақымданудан қорғайды, араласып кетуіне жол бермейді.
Тартымдылық
Тауарды бояуы қанық, тартымды полиграфиямен үйлестіре қаптауға әрі оны жан-жағынан көрсетуге мүмкіндік береді.
Брендтеу
Блистерлерге тартымды жеке дизайн беріп, Сіздің компанияңыздың логотиптерін қалыптап түсіруге болады.
Оңай өлшеп орау
Жиектері бүгілген блистерге тауарды өлшеп орау үшін арнайы жабдық қажет емес. Тауарды шығарып көрсетіп, кейін орнына қайта салып қоюға болады.
Сипаттама
Жиектері бүгілген блистер түріндегі пластик қаптама мөлдір блистерден және баспа басылған картоннан тұрады. Баспа басылған картон карточка блистердің бүгілген жиектеріне сырғытып кіргізіледі де, артқы қабырғаны құрайды.
Екі бүгілісі бар блистер картонда үш бүгілісі бар блистер сияқты берік бекітіледі, бірақ автоматты түрде жасалады. Сондықтан ол арзанырақ. Өте сирек жағдайларда, бұйым жұқа әрі ауыр болса (мысалы, қайшы), картонның төменгі жағы қайырылып, бұйым түсіп қалуы мүмкін.
Мұндай блистерден тауарды шығарып, сатып алушыға көрсетуге, содан кейін картонды орнына қайта сырғытып салуға болады. Қаптама ішіндегі тауарға қол жеткізуді шектеу қажет болса, картонды жапсырмалармен, қыстырғыштармен және т.б. бекіту керек. Блистерлік қаптаманың бұл түрін «пенал» типті блистер деп те атайды.
Жиектері бүгілген мөлдір блистер
Жиектері бүгілген блистерді тауардың артықшылықтары мен сыртқы түрін айшықтау үшін оның пішініне сай етіп те, тікбұрышты ыдыс түрінде де қалыптауға болады.
Тікбұрышты блистерді әртүрлі тауарға арналған әмбебап қаптама ретінде пайдалануға болады. Блистердегі бүгілістер қалыптаудан кейін жасалады, бұл құнын біршама қымбаттатады. Екі бүгілісі бар блистерді толық автоматты желіде дайындауға болады.
Баспа басылған картон карточка
Бүгілісі бар блистерлік қаптаманың артқы қабырғасы ретінде Сіздің міндеттеріңізге барынша сай келетін кез келген картонды пайдалануға болады. Сирек жағдайларда, картон тым қалың болса, бүгілістердің қалыңдығын ұлғайту қажет. Мұны алдын ала ескерген жөн.
Тауарды өлшеп орау және қаптау
Қаптаманың бұл түрі тауарды өз бетіңізше өлшеп орауға ыңғайлы әрі қарапайым. Арнайы жабдық қажет емес, бұл түптеп келгенде қаптаманың құнын төмендетеді. Тауар ассортиментіңіз кең болса, тек тауар туралы ақпараты бар картон карточканы ауыстырып, әмбебап блистерді немесе әртүрлі өлшемдегі әмбебап блистерлер жиынтығын пайдаланған тиімді.
Блистер-бокс
Қос блистер
Екі жағы да дөңес блистер
Екі жақты блистер
ЖЖТ дәнекерлеуге арналған блистер
Дәнекерлеуге арналған блистер
Картонға дәнекерлеуге арналған блистер
Екі картон арасына дәнекерленетін блистер
Импульстік дәнекерлеуге арналған блистер
Сандықша блистер
Жиектері бүгілген блистер
Екі бүгілісі бар блистер
Үш бүгілісі бар блистер
Tyvek® материалымен дәнекерлеп жабуға арналған блистер
Фольгамен дәнекерлеп жабуға арналған блистер
