Тұғыр-ложементтер

Тауарды қорғау

Блистерлер өнімді тасымалдау және сақтау кезінде механикалық зақымданудан қорғайды, араласып кетуіне жол бермейді.

Тартымдылық

Тауарды бояуы қанық, тартымды полиграфиямен үйлестіре қаптауға әрі оны жан-жағынан көрсетуге мүмкіндік береді.

Сатылымның өсуі

Жеке дизайнмен жасалған жаңа қаптама стандартты қаптамамен салыстырғанда сатылымды 15%-ға дейін арттыруы мүмкін.

Брендтеу

Жеке дизайны мен логотипі бар блистер өніміңізді жалған көшірмелерден қорғауға және танымалдығын арттыруға көмектеседі.

Loading file

Сипаттама

Өнімге арналған қалыпталған тұғыр-ложементтер

Пластик тұғыр-ложементтер — тауарды витриналарда, сауда нүктелерінде және сыйлық жиынтықтарында көрсетуге әрі сақтауға арналған ыңғайлы да әсем шешім. Олар өнімді сенімді бекітеді, қаптаманың көрнекі тартымдылығын арттырады және тауарды ұқыпты орналастыруға мүмкіндік береді. Мұндай ложементтер бұйымның нақты өлшемі мен пішініне сай мөлдір, күңгірт немесе боялған пластиктен жасалуы мүмкін.

Артықшылықтары:

Толық оқу
  • Өнім сенімді бекітіліп, орнықты тұрады;

  • Қаптаманың тартымдылығы мен премиум сипаты артады;

  • Брендтеуге және жеке дизайн жасауға болады;

  • Орын үнемделіп, логистика жеңілдейді;

  • Қолмен де, автоматты түрде де салуға жарайды.

Қолданылуы:

  • Косметика және гигиена құралдары (банкалар, құтылар, тюбиктер);

  • Промо-жиынтықтар мен сыйлық жинақтары;

  • Электроника және шағын техника;

  • Тұрмыстық химия, автокосметика және т.б.

Дайындау:
Тығыздыққа, орнықтылыққа және сыртқы түрге қойылатын талаптарды ескере отырып, кез келген пішіндегі және түстегі ложементтерді өндіруге болады. Материалдар — ПЭТ, ПВХ, ПС, қайталама шикізат. Бір рет қолданылатын да, көп рет қолданылатын да тұғырларды шығарамыз.