Екі картон арасына дәнекерленетін блистер

Тауарды қорғау

Блистерлер өнімді тасымалдау және сақтау кезінде механикалық зақымданудан қорғайды, араласып кетуіне жол бермейді.

Тартымдылық

Тауарды бояуы қанық, тартымды полиграфиямен үйлестіре қаптауға әрі оны жан-жағынан көрсетуге мүмкіндік береді.

Сатылымның өсуі

Жеке дизайнмен жасалған жаңа қаптама стандартты қаптамамен салыстырғанда сатылымды 15%-ға дейін арттыруы мүмкін.

Брендтеу

Жеке дизайны мен логотипі бар блистер өніміңізді жалған көшірмелерден қорғауға және танымалдығын арттыруға көмектеседі.

Loading file

Сипаттама

Екі картон арасына дәнекерленетін блистер бұйымның контуры бойынша қалыпталған, жиектері бар мөлдір блистерден және екі жартыдан тұратын полиграфиялық картон карточкадан құралады. Бұл нұсқа картонның қалыңдығын екі есе арттыруға мүмкіндік береді әрі әлдеқайда ұқыпты көрінеді. Қаптаманың екі жағы да толық түсті баспамен шығады. Қаптаманың бұл түрі біршама қымбат тауарлар үшін қолданылады. Дәнекерлегеннен кейін тауарды қаптаманы бұзбай шығарып алу мүмкін емес.

Екі картон арасына дәнекерленетін мөлдір блистер.

ПЭТ немесе ПВХ пленкасынан жасалған мөлдір қаптаманы бұйымның контурын толық қайталайтындай етіп қалыптауға болады, бұл оның тартымдылығын айқындай түседі. Бұйымның контурын қайталау мүмкін болмаса, блистерді тікбұрышты ыдыс түрінде қалыптауға болады.

Толық оқу

Сонда оған әртүрлі бұйымдарды немесе бұйымдарды шашпа күйінде қаптауға болады.

Баспасы бар картон карточка

Блистерді екі картон арасына дәнекерлеу үшін ішкі жағына баспаханада блистерлік лак жағылған, екі жартыдан тұратын бүгілмелі картон қажет. Бұл лак жоғары қысым мен температураның әсерінен картон мен блистерді берік желімдейді.

Бұл нұсқада картонның сыртқы жақтарына толық түсті баспа, ал ішкі жағына бір-екі түсті баспа түсіруге болады.

Картон картонға дәнекерленетіндіктен, блистерлік лакты жағу процесіне енді соншалықты жоғары талаптар қойылмайды. Картонның әртүрлі маркаларын пайдалануға болады.

Қаптау жұмыстарының толық циклін орындаймыз

Біз Сіз үшін дәнекерлеуге арналған блистерді әзірлеп, қалыптай аламыз. Блистерлік лак жағылған картонды өндіре аламыз. Өніміңізді дәнекерлеуді кез келген көлемде әрі қысқа мерзімде өз өндірісімізде орындап бере аламыз. Қажет болса, дәнекерлеу үшін Сіздің блистерлік лак жағылған картоныңызды пайдалана аламыз. Тауарды дүкендер мен маркетплейстерге жөнелтуге толық дайындау үшін бұйымдарды құрастыру, жинақтау, затбелгі жапсыру және басқа да қажетті жұмыстарды орындаймыз.

Сондай-ақ Сіз үшін дәнекерлеу станоктарын және оларға арналған дәнекерлеу жабдығын (оснастка) дайындай аламыз. Блистеріңізді ішіне тауарыңыз салынған күйде картоныңызға дәнекерлеуді өз өндірісімізде баптап береміз. Қызметкерлеріңізді оқытып, дәнекерлеуді өз өндірісіңізде немесе қоймаңызда өз бетіңізше орындай алуыңыз үшін дәнекерлеу жабдықтарының кешенін табыстаймыз. Қаптау шығындарын азайтқыңыз, тауарыңызды тапсырыстардың түсуіне қарай қаптағыңыз және қойма орнын үнемдегіңіз келсе, бұл нұсқа ыңғайлы.