Аксессуарларға арналған блистерлік қаптама
Тауарды қорғау
Мобильді аксессуарлар мен гаджеттерге арналған блистерлік қаптама тауарды қоймада сақтау, тасымалдау кезінде және сауда залында қорғайды
Блистер тауарды жақсы қырынан көрсетеді
Сатып алушы қаптаманы ашпай-ақ тауармен жақсылап таныса алады. Жарқын картон карточкада орналастырылған ақпарат оған бұл ретте көмектеседі
Сымы бар тауарларға жақсы сәйкес келеді
Құлаққаптар мен «тінтуірлерді» қаптау үшін блистер конструкциясында көбінесе сымдарға арналған бөлік қарастырылып, ол картон ендірмемен жабылады, бұл қаптаманың көрнекілігін арттырады
Тауардың беделі мен бағасын арттырады
Үлкен қаптама тауардың артықшылықтарын айқындап, оны басқалардың арасынан ерекшелейді. Әдетте қаптама неғұрлым үлкен болса, тауарды соғұрлым қымбатқа сатуға болады
Сипаттама
Мобильді аксессуарларға арналған блистерлік қаптама көбінесе контейнер түрінде шығарылады. Бұл – тауарды аз шығынмен безендірудің заманауи әрі ыңғайлы тәсілі. Өнімді тұтынушыға дұрыс таныстыру – кез келген бизнестегі табыстың кепілі.
Блистерлік қаптама құрылғыларды зақымданудан, ылғалдан және ластанудан қорғайды. Блистерлерді қолдану өнімді тұтынушылар үшін тартымдырақ етеді және сату деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Блистердің маңызды артықшылығы – сатып алушы қаптаманы ашпай-ақ тауарды қарап, бағалай алады.
Мобильді аксессуарларға арналған блистерлерді зарядтау құрылғыларының, USB-жинақтағыштардың, аккумуляторлардың, AUX кабельдерінің, тысқаптардың, жапсырма панельдердің, компьютерлік керек-жарақтардың (тінтуірлер, пернетақталар және басқа да жинақтауыштар) қаптамасы ретінде пайдалануға болады. Блистер бұйымдардың артықшылықтарын айқындай түсетін, жарқын безендірілген картон карточкамен толықтырылады.
Қаптаманың сыртқы түрін жақсарту үшін контейнерді әдетте дөңгелек пішінді етіп жасайды. Көлемді контейнерге түрлі аксессуарларды қаптауға болады. Өндірушінің алуан түрлі пішіндегі, түстегі және өлшемдегі блистерлерге тапсырыс беру мүмкіндігі бар. Бұл ретте әртүрлі мобильді аксессуарларды бірдей блистерлерге өлшеп орауға болады.
Мобильді аксессуарларға арналған блистерлік қаптама – тауарды тасымалдау мен сақтауға арналған жақсы шешім. Қаптаманың түрлі нұсқаларының қолжетімділігі: дәнекерлеп жабуға арналған блистер, бекіткіштері бар блистер, коррекстер, ложементтер және блистерлердің басқа да түрлері. Сондай-ақ жеке безендіру тауарды сөреге қою сапасын жақсартуға және тауарларға сұранысты арттыруға көмектеседі.
Біздің компания – «Блистер-упаковка» ЖШҚ – мобильді аксессуарларға арналған блистерлік қаптаманың кең ассортиментін қуана ұсынады. Сіз каталогтан дайын нұсқаны таңдай аласыз немесе жеке эскиздер бойынша дайындауға тапсырыс бере аласыз. Біз әрқашан клиенттеріміздің қалауын ескереміз!
Косметикаға арналған блистерлік қаптама
Кеңсе тауарларына арналған блистерлік қаптама
Электроникаға арналған блистерлік қаптама
Аксессуарларға арналған блистерлік қаптама
Флешкаларға арналған блистерлік қаптама
Дәріханаларға арналған блистерлік қаптама
Спорт тауарларына арналған блистер
Өсімдіктерге арналған блистерлік қаптама
Құлаққапқа арналған блистерлік қаптама
Тұрмыстық тауарларға арналған блистер
Медициналық блистер 