Дәріханаларға арналған блистерлік қаптама
Тауарды қорғау
Дәріханаларға арналған блистерлік қаптама тауарды сату орнына тасымалдау кезінде де, сатып алғаннан кейін тұтынушы алып жүргенде де сенімді қорғайды
Ыңғайлы ұяшықтар
Бұйымның пішініне сай қалыпталған, бекіткіш-құлыптары бар ыңғайлы ұяшықтар, мысалы, ампулалардың бір-біріне тиюіне жол бермейді
Маркетингтік мүмкіндіктер
Қымбат тауарларды сатқанда қаптамаға Сіздің тауарыңызды сөреде тиімді ерекшелеп, артықшылықтарын айқындайтын жарқын сурет пен ақпарат орналастыруға болады
Қолдану кезінде тауарды сақтау
Құрылымына қарай блистерлік қаптаманы бірнеше рет ашып-жабуға болады – тұтынушыға медициналық бұйымды тікелей соның ішінде сақтау ыңғайлы болады
Сипаттама
Дәріханаларға арналған блистерлік қаптама — медициналық бұйымдарға арналған сенімді қаптама материалы. Дәрілік препараттардың құны жоғары болғандықтан, оларды сақтау шарттарына да, тасымалдауға да ерекше назар аудару қажет. Тауар бүлінбеуі үшін фармацевтикалық заттарға қаттылығы жоғары блистерлер қолданылады.
Блистерлік қаптама фармацевтика өнеркәсібінде таблеткаларды өлшеп орау кезінде, дәрумен кешендері мен гигиеналық құралдарды қаптау үшін қолданылады. Өнімнің ерекшеліктеріне қарай блистерде фармацевтикалық бұйымның пішінін қайталайтын ойықтар болуы мүмкін.
Өнімнің сақталуына кепілдік беру үшін блистерлер қатаңдық қабырғаларымен және тығыз бекіткіштермен жабдықталады. Бұл фармацевтикалық препараттардың тасымалдау кезінде бүлінуіне жол бермейді. Дәріханаларға арналған блистерлік қаптама тауарларды зақымданудан сенімді қорғайды.
Ампулалар мен шыны құтыларға (флакондарға) арналған блистер қатты әрі қалың қалыпталған пленкадан жасалады. Қаптаманың амортизациялық қасиеттері бар. Блистердегі бекіткіштер әрбір бұйымды берік ұстап тұрады. Блистерді қаптамадан шығарғанда ампулалар түсіп қалмайды, сонымен қатар оларды сол қаптаманың ішінде сақтау ыңғайлы.
Блистерлер ішіндегі өнімді қоршаған орта әсерінен қорғайды, герметикалықты қамтамасыз етеді және өнімнің бүкіл жарамдылық мерзімі бойы ұсынылған сақтау шарттарының сақталуына кепілдік береді. Бұған қоса, блистерлік қаптама маркетинг құралы да бола алады: ол Сіздің компанияңыз бен өніміңізді жарнамалап, артықшылықтарыңызды айқындай түседі.
Біздің компания — «Блистер-упаковка» ЖШҚ — дәріханаларға арналған блистерлік қаптаманың кез келген түрін өндіреді. Пішіні мен өлшемдері фармацевтикалық өнімнің қаптамасына қойылатын талаптарды ескере отырып, нақты тауарға сай таңдалады. Біздің блистерлер өнімнің ұзақ әрі сенімді сақталуын қамтамасыз етеді!
Косметикаға арналған блистерлік қаптама
Кеңсе тауарларына арналған блистерлік қаптама
Электроникаға арналған блистерлік қаптама
Аксессуарларға арналған блистерлік қаптама
Флешкаларға арналған блистерлік қаптама
Дәріханаларға арналған блистерлік қаптама
Спорт тауарларына арналған блистер
Өсімдіктерге арналған блистерлік қаптама
Құлаққапқа арналған блистерлік қаптама
Тұрмыстық тауарларға арналған блистер
Медициналық блистер 