Импульстік дәнекерлеуге арналған блистер

Тауарды қорғау

Блистерлер өнімді тасымалдау және сақтау кезінде механикалық зақымданудан қорғайды, араласып кетуіне жол бермейді.

Тартымдылық

Тауарды бояуы қанық, тартымды полиграфиямен үйлестіре қаптауға әрі оны жан-жағынан көрсетуге мүмкіндік береді.

Сатылымның өсуі

Жеке дизайнмен жасалған жаңа қаптама стандартты қаптамамен салыстырғанда сатылымды 15%-ға дейін арттыруы мүмкін.

Брендтеу

Жеке дизайны мен логотипі бар блистер өніміңізді жалған көшірмелерден қорғауға және танымалдығын арттыруға көмектеседі.

Loading file

Сипаттама

Картонға импульстік дәнекерлеуге арналған блистер бұйымның пішіні бойынша қалыпталған, жиегі бар мөлдір блистерден және полиграфиялық картон карточкадан тұрады. Импульстік дәнекерлеу кезінде қыздыру картон жағынан емес, блистер жағынан жүргізіледі. Бұл ірі, көлемді немесе ауыр тауарлар үшін қалың каширленген картонды пайдалануға мүмкіндік береді. Блистерлерді мұндай картонға әдеттегі тәсілмен дәнекерлеуге тырысқанда, қалдық ылғалдың булануынан картон деформацияланып, тауарлық түрін жоғалтады. Дәнекерлегеннен кейін тауарды қаптаманы бұзбай шығарып алу мүмкін емес.

Картонға импульстік дәнекерлеуге арналған мөлдір блистер.

ПЭТ немесе ПВХ пленкасынан жасалған мөлдір қаптаманы бұйымның пішінін толық қайталайтындай етіп қалыптауға болады, бұл оның тартымдылығын айқындай түседі.

Толық оқу

Егер бұйымның пішінін қайталау мүмкін болмаса, блистерді тікбұрышты ыдыс түрінде қалыптауға болады. Сонда оған әртүрлі бұйымдарды немесе бұйымдарды бос күйінде салып қаптауға болады.

Баспасы бар картон карточка

Блистерді картонға импульстік дәнекерлеу үшін әдетте баспаханада блистерлік лак жағылған қалың каширленген картон қолданылады. Бұл лак жоғары қысым мен температураның әсерінен картон мен блистерді берік желімдейді.

Картонға толық түсті баспаны да, бір-екі түсті баспаны да түсіруге болады. Мысалы, тек бір жағы борланған қаттырақ картонда 4+1 немесе 4+2 баспасын қолдану керек. Ал картон каширленген немесе екі жағынан борланған болса, қаптаманың екі жағына да толық түсті баспа қолдануға болады.

Картонның кез келген маркасы дәнекерлеуге жарай бермейді. Баспаханада блистерлік лакты жағу процесі тәжірибелі технологтың бақылауымен жүргізілуі тиіс. Дәнекерлеу сапасына тіпті картон өндірісінде қандай крахмал — жүгері немесе картоп крахмалы — қолданылғаны да әсер етеді. Бұл міндетті кез келген баспахана орындай алмайды.

Қаптау жұмыстарының толық циклін орындаймыз

Біз Сіз үшін дәнекерлеуге арналған блистерді әзірлеп, қалыптай аламыз. Блистерлік лак жағылған картонды өндіре аламыз. Өз өндірісімізде өніміңізді дәнекерлеуді кез келген көлемде және қысқа мерзімде мойнымызға аламыз. Қажет болса, дәнекерлеу үшін блистерлік лак жағылған өз картоныңызды пайдалана аламыз. Тауарды дүкендер мен маркетплейстерге жөнелтуге толық дайындау үшін бұйымдарды құрастыру, жинақтау, затбелгі жапсыру және басқа да қажетті жұмыстарды орындаймыз.

Сондай-ақ Сіз үшін дәнекерлеу станоктарын және оларға арналған жабдықты (оснастканы) дайындай аламыз. Ішіне тауарыңыз салынған блистеріңізді өз картоныңызға дәнекерлеу процесін біздің өндірісте ретке келтіреміз. Дәнекерлеуді өз өндірісіңізде немесе қоймаңызда өзіңіз орындай алуыңыз үшін қызметкерлеріңізді оқытып, дәнекерлеуге арналған құрал-жабдықтар кешенін тапсырамыз. Бұл нұсқа қаптау шығындарын азайтқыңыз, тауарыңызды тапсырыстардың түсуіне қарай қаптағыңыз және қойма орнын үнемдегіңіз келсе, ыңғайлы.